БҰҰ бітімгерлік миссияларына тағайындалатын кандидаттардың жиындары өтуде

Оған Қазақстан Қарулы күштерінің әртүрлі бөлімшелерінен 17 әскери қызметші қатысуда

Админ

ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының базасында БҰҰ бітімгерлік миссияларына жіберу үшін әскери бақылаушылар мен штаб офицерлері лауазымдарына тағайындалатын кандидаттардың кезекті жиындары өтуде. 

Оған Қазақстан Қарулы күштерінің әртүрлі бөлімшелерінен 17 әскери қызметші қатысуда. Оның екеуі әйел әскери қызметші.  

БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысу үшін офицерлер қатаң талаптар бойынша таңдалады. Іріктеу барысында әскери дағдылар ғана емес, сонымен қатар моральдық-психологиялық тұрақтылық, дене дайындығы мен шет тілдерін білуіне баса назар аударылады.

Бір апта ішінде үміткерлер медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден өтеді. Дене шынықтыру нормативтерін тапсырып, механикалық қорабы бар көлікті жүргізу дағдылары мен ағылшын тілін меңгеру деңгейін көрсетеді.

Жиын аяқталғаннан кейін іріктеуден өткен кандидаттар одан әрі БҰҰ бітімгерлік миссияларына жіберілетін офицерлер резервіне алынады.

Әскери бақылаушылар мен штаб офицерлерін іріктеу – бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған бітімгерлік қызмет процесінің маңызды кезеңі болып табылады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02