Сарбаз: Әскер қатарында болу – ер жігіттің ерік-жігерін сынға салатын кезең

Оның әскери борышын орындап жүргеніне 9 айға жақындаған

Нұрдәулет Кәкіш

Әскердегі бір жылдық мерзімді абыроймен өткізу – әр жігіттің борышы. Sarbaz.kz тілшісімен тілдескен ҚР Қорғаныс министрлігі Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінің Ақтас кентінде орналасқан С-300 зениттік-зымырандық дивизионының сарбазы Асылжан Нұржан жасөспірімдерді Отан алдындағы парызын орындауға шақырды.

Әскери борышын орындап жүргеніне 9 айға жақындаған Асылжан Нұржан – Түркістан облысы Түлкібас ауданы Мәнтай Жарымбетов ауылының тумасы.

Гір көтеру спорт түрі бойынша ол талай жарыста оза шауып, жүлделі орындарға ие болған. Биыл Щучинск қаласында өткен әуе шабуылына қарсы Қорғаныс күштері және Әуе Қорғанысы күштері арасында өткен жарыстарда үздік орындарды, республикалық жарыста 4-орынды иеленген.

«Жарыстарға дайындалуға, әскери бөлімнің, дивизионымыздың намысын қорғауға мүмкіндік беріп, жан-жақты қолдау көрсеткен басшылыққа алғысым зор. Алдағы уақытта 44803 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет етіп, Отанымыз Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің алға басуына үлесімді қосқым келеді. Соңымыздан ерген іні-бауырларымыздың еліміздің ержүрек азаматтары болып қалыптасуы үшін оларды әскери салаға бет бұруға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын!» - деді Асылжан Нұржан.

Темір-терсек көтеруге бала күнінен әуес болған Асылжан 9-сыныптан бастап гір көтеру, қол күрес бойынша жарыстарға қатысқан. 21 жастағы қатардағы жауынгер әскерге дейін дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алған.

«Отан қорғаушылар қатарына қосылып, сарбаз болғалы жақсы достармен, үлгі алатын ұстаздармен таныстым. Біздің әскери бөлімде сарбаздарға өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасалған. Кез келген сарбаз спортпен айналысып, пайдалы білім алып, өнерде де өзін шыңдай алады. Еліміздің тыныштығы, береке-бірлігі Қарулы күштердің қорғауында. Қазақ әскерінде борышыңды орындау – ер жігіттің ерік-жігерін, күш-қайратын, ақыл-парасатын сынға салатын кезең. Әскердегі бір жылдық мерзімді абыроймен өткізіп, міндеттерін атқарып, отбасына аман-есен оралу – әр жігіттің борышы», - дейді Асылжан.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59