Қорғаныс министрлігі Мәжіліс депутатының сынына ресми жауап берді

Депутат әскери қызметшілерге кредит алуға мораторий енгізуді ұсынған болатын

Қорғаныс министрлігі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Стамбековтің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді кредит алуға мәжбүрлеу туралы сөзіне қатысты ресми түсіндірме берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Министрліктің мәлімдеуінше заң шығарушы билік өкілінің мәлімдемесі негізсіз және шындыққа жанаспайды. Мерзімді қызметтегі сарбаздардың әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери бөлімде жүріп несие ресімдеуге мүмкіндігі жоқ.

«Бүгінгі таңда мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін жастардың алған несиесі қомақты соманы құрайды. Қарулы Күштер қатарына келгенге дейін 12 мыңға жуық сарбаздың екінші деңгейдегі банктер мен микрокредиттік ұйымдарда 4,8 млрд теңге көлеміндегі 30 мыңға жуық несиесі болған.

Барлық несиелер мен ақшалай қарыздарды кейінге қалдыру мәселелерін шешу үшін Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған «кредиттік демалыс» жобасына бастамашылық жасап, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісім жасасты. Соның арқасында бүгінде бес мыңнан астам сарбаздың екінші деңгейдегі банктерде және микрокредиттік ұйымдарда 1,4 млрд теңгеден астам қарызы кейінге қалдырылды. Бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде», - делінген ресми жауапта.

Қарулы Күштер мемлекеттің аумақтық тұтастығының және оның егемендігін қорғаудың кепілі ретінде кез келген сәтте Қазақстан халқы мен оның аумағын сыртқы қауіп-қатерден қорғауға дайын.

«Айта кету керек, фактілермен расталмаған мәлімдемелер Қарулы Күштердің имиджіне едәуір әсер етіп, армияның беделін түсіреді. Біз мұндай жариялы түрде жасалған мәлімдемені жауапсыздық деп есептейміз.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігімен әскери қызметті қолайлы өткеру үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Қазіргі уақытта мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне борышын өтеу уақытында несиелік демалыстар беріледі. Одан бөлек мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтардың еліміздің жоғары оқу орындарында ҰБТ тапсырмай-ақ тегін және ақылы негізде оқуға құқығы бар. Бұл мәселе бүгінде мүдделі мемлекеттік органдармен оқуға мемлекеттік гранттар беру деңгейінде пысықталып жатыр.

«Әлімжеттік» терминіне қатысты, бүгінгі күні әскери ортада бұл жағымсыз құбылыстың жоқ екенін айтамыз. ҚР Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін қызмет мерзімі бір жыл болып табылады. Бұл ретте әскери міндеттерді орындау кезінде аға және кіші буындағы борышын өтеп жүрген әскерилер бір-бірімен тоғыспайды», - дейді Қорғаныс министрлігі.

Барлық фактілер бойынша қандай да бір құқық бұзушылық орын алса, әскери полиция және басқа да қылмыстық қудалау органдары жедел тексерулер мен тергеулер жүргізеді, ал оқиғаның заңды не заңсыз екенін бақылауды әскери прокуратура жүзеге асырады.

Айта кетейік, кеше Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков әскери қызметшілерге кредит алуға мораторий енгізуді ұсынған болатын.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30