Еліміздегі 53898 әскери бөлімнің авиациялық оқу-жаттығу орталығы жайлы не білесіз?

Аспан әлемінің тарландары

Балқаш қаласына жақын орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери әуе күштеріне қарасты полковник Азамат Асанов басшылық ететін 53898 әскери бөлімінің авиациялық оқу-жаттығу орталығына табан тірегенімізде, ашық алаңдағы қаз қатар тізілген әскери ұшақтарға көзіміз түсіп, кешегі өткен Ұлы Отан соғысы жылдарында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов ағамыз да бала кезінде қолдан ұшақ жасап, жазиралы кең далада жүгіре ойнаған бала қиялмен «ер жеткенде ұшқыш болсам….» — деген арманда болған шығар деп, ой түйдік. Шындығында, армандар орындалады…

Алдымен, ат басын авиациялық оқу-жаттығу орталығының техникалық пайдалану бөлімінің авиациялық қозғалтқышқа регламент жасау және жөндеу тобына тіредік. Осы топқа жетекшілік ететін әскери әуе қорғанысы саласында көп жылдан бері мінсіз қызмет атқарып келе жатқан майор Арман Дәулетбаевтың қарамағында инженер, авиациялық аға техник, техник, аға маман және қосымша 2 маман кәсібіндегі маман иелері бар. Топтың басты мақсаты – әскери ұшақтың техникалық сипаттамасын қалыпты жағдайға келтіру үшін авиациялық қозғалтқышқа регламент жасау болып саналады. Топтағы жеке құрам арасынан инженер капитан Радион Корешников, техник 3-ші сыныпты сержант Евгений Огай және маман ефрейтор Бауыржан Кәрімов өздеріне тиесілі қызметтерін атқару барысында асқан жауапкершілік танытып келеді.

Келесі кезекте, өздерінің әскери ұшақты басқарудағы тәжірибелерін шыңдап жүрген курсанттардың тыныс-тіршілігіне көз жүгірттік. Ақтөбе қаласының екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтынан келген курсанттар авиациялық оқу-жаттығу орталығына үш жарым айға арнайы дайындықтан өтуге келген екен. Бізді қарсы алған курсантарға жол көрсетуші ұшқыш нұсқаушы капитан Ербол Нұрмолда қарамағында 19 курсанттың бар екенін жеткізді. Әскери шенді капитан Ербол Ермекұлы:

«Біздің авиациялық оқу-жаттығу орталығында курсанттар әскери ұшақты басқаруды үйренеді. Үш жарым айдың ішінде курсанттар іс жүзінде жан жақты дайындалады. Басты назар – алдымен курсанттар медициналық тексерістен өтеді» — деп жеткізді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59