Ақтөбе қаласындағы әскери институттың түлектері оқу орнымен қоштасты

Админ

Биыл Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтын ұшу және инженерлік мамандықтар бойынша 90 офицер бітірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қаланың орталық алаңында өткен салтанатты рәсімге Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақытбек Сыдықов, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Қарулы күштердің ардагерлері, түлектердің ата-аналары мен достары қатысты.

Сендерге Отан қорғау жолында ең күрделі міндеттерді орындауға дайын өз ісінің нағыз маманы, әрі әскери ар-намыс пен жауынгерлік дәстүрлерге адал болады деп сенім артамын, – деді түлектерді құттықтаған генерал-майор Бақытбек Сыдықов.

Дипломдарды тапсыру рәсімі аяқталған соң жас офицерлер институттың Жауынгерлік туымен қоштасты. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлегі Әли Орынбаев алдағы қызметі жайлы былай дейді:

Өзіміз білім алған әскери институтпен қоштасатын сәт те келіп жетті. Біз диплом мен «лейтенант» алғашқы әскери атағын алдық. Енді еліміздің авиациялық бөлімдерінде өз дағдыларымызды жетілдіріп, тәжірибе жинаймыз, бөлімшенің жауынгерлік дайындығын бекітеміз.

Дәстүр бойынша іс-шара салтанатты шерумен және офицерлік вальспен аяқталды.

__Последние новости

  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

Кеше, 16:23
Админ
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

Кеше, 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19