Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызметшілердің жиындары өтуде

Админ

Жиындар биылғы жылдың 5 желтоқсанында аяқталады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Десанттық-шабуылдау әскерлері өкілдерінің еліміздің түрлі өңірлеріндегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер арасында жүргізген ақпараттық жұмысы белгіленген мерзімде қызмет еткен 200-ден астам сарбазға келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Әскери қызметшілерді Қарулы күштердегі тұрақты жалақы, әртүрлі жеңілдіктер мен өтемақыларды қамтитын жақсы әлеуметтік пакет және мемлекет есебінен жеке тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі қызықтырады. Ал десанттық әскерлерде қызмет ету оларды төзімділікке сынап қана қоймай, ер жігітке тән қасиеттерге тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Алматы, Жетісу және Қонаев гарнизондары құрамаларының қолбасшылығы ұйымдастырған жиындарда сарбаздарға медициналық тексеруден өтуге және келісімшарт жасасуға қажетті құжаттарды жинауға барынша жәрдем көрсетілуде.

Әскери қызметті өтеу мерзіміне кіретін жиындар әскери қызметші келісімшартқа қол қоюға ниет білдірген бөлімдердің аумағында өтіп жатыр. Онда жауынгерлерге тұратын жер мен қайта дайындықтан өту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған.

Мұндай іс-шараларды өткізудің қажеттілігі жиындарға қатысушы әскери қызметшілердің бәрі Десанттық-шабуылдау әскерлерінде мерзімді қызмет өтеген жауынгерлер емес. Олардың ішінде 150-ден астам сарбаз басқа әскер тектерінен келіп отыр. Бір айдың ішінде олар десанттық бөлімшелердегі қызметтің ерекшеліктерін зерделеуге, түрлі парашют жүйелерін жинауды үйренуге, әуе-десанттық дайындықтан өтуге және Ми-17 тікұшағынан алғашқы секіру жасауға тиісті, – дейді 1-сыныпты сержант-нұсқаушы сержант Рашид Бейсенғалиев.

Сонымен қатар әскери қызметшілер тактика негіздерін қайталап, атыс дайындығынан өтеді. Дене дайындығы, топографиялық, әскери-медициналық дайындық, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жөніндегі нормативтерді тапсырады.

Әскерлер сержанты мен құрамалар сержанттарының басшылығымен мерзімді қызмет өткеру кезінде ерекшеленген әскери қызметшілер сержанттар құрамының бос лауазымдарына тағайындау үшін мұқият іріктеуден өтті.

Жиындар биылғы жылдың 5 желтоқсанында аяқталады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39