Қазақстанның әскери кемелері Әзербайжанға аттанды

«Хазри-2023» тактикалық оқу-жаттығулары өтеді

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери кемелері Бакуге келді. Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов бастаған жеке құрам «Хазри-2023» тактикалық оқу-жаттығуларына қатысады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі 1news.az басылымына сілтеме жасап.

Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы вице-адмирал Субхан Бекиров Қазақстаннан келген делегацияны құттықтады.

«Каспий теңізінің Әзербайжан секторындағы бірлескен тактикалық жаттығулар екі елдің әскери қызметшілері арасында өзара тәжірибе алмасуға, олардың кәсібилігі мен дайындық деңгейін одан әрі арттыруға елеулі үлес қосады», - деп атап өтті вице-адмирал С.Бекиров.

Әзербайжан-Қазақстан «Хазри-2023» тактикалық оқу-жаттығуы Бакуде екі елдің Әскери-теңіз күштерінің кемелері мен әскери қызметшілерінің қатысуымен өтеді. 8 қазанға дейін жалғасатын іс-шаралар барысында түрлі эпизодтар бойынша іс-шаралар орындалады.

Әзербайжан тілінен аударғанда «Хазри» Солтүстік Каспий теңізінің салқын желін білдіреді, ол бір жыл ішінде Апшерон түбегі арқылы, әсіресе Баку маңында соғады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Еуропалық Одақ Беларуссияға қарсы санкцияларды күшейтті

30/06/2024 - 17:45
Аян Кайырбаев
  • Басты назарда

БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді

29/06/2024 - 14:51