Қасым-Жомарт Тоқаев Mercedes-Benz Group басшысымен кездесті

Mercedes-Benz Group 2022 жылы компания 2,5 миллионға жуық автомобиль құрастырып шығарған

Мемлекет басшысы компаниясының басқарма төрағасы Ола Каллениуспен кездесті. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде автокөлік индустриясы және инновациялық шешімдер салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Президент Қазақстанның экономиканы әртараптандыруға және өнеркәсіп өндірісін дамытуға ұмтылатынын атап өтті. Бұл стратегияда машина жасау саласы ерекше орын алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда елімізде General Electric, General Motors, Chevrolet, Kia және Hyundai секілді танымал әлемдік компаниялар табысты жұмыс істеп жатқанын айтты. Былтыр Қазақстанда өндірілген автомобиль саны 100 мыңнан асып, 28 пайызға ұлғайған. Экспорт екі есе өсіп, 3,8 миллиард долларға жеткен.

Неміс автоконцернінің басшысы Президентке компанияның жаһандық жеткізу тізбегін дамыту ісіндегі тың тәсілдер және Қазақстан экономикасы үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы мәлімет берді.

Mercedes-Benz Group – әлемдегі автокөлік өндіретін жетекші компаниялардың бірі. 2022 жылы компания 2,5 миллионға жуық автомобиль құрастырып шығарған.

Былтыр Mercedes-Benz Group әлемдегі ең ірі компаниялардың Forbes Global 2000 тізімінде 41-орынға, ал Fortune Global 500 тізімінде 38-орынға ие болған.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

Кеше, 15:19
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

Кеше, 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11