Астананың ТЖД бастығы лауазымына бұрынғы вице-министр тағайындалды

Ол 1967 жылы Семей облысында туған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов елордалық ТЖД жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды. Министр бұйрығымен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне Марат Күлдіков тағайындалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Департаменттен мәлім еткендей, Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін және ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында туған. 1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «өрттен қорғану техникасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласын күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөліміне бағынысты өрт сөндіруші болып бастады.  

1993-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарын атқарды. 2008-2012 жж. — Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары – Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы. 2012-2014 жж. — Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. 2014-2016 жж. — Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. 2016-2019 жж. — ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30