«Іште балаларым мен әйелім қалды»: СҚО-да болған өрттің мән-жайы анықталды

20 жастағы келіншек екі баласымен бірге тірідей жанып кетті

Петропавлда үй өртеніп, екі кішкентай бала анасымен бірге тірідей жанып кетті. Ажалмен арпалысқан 20 жастағы келіншек өмірінің соңына дейін балаларын құтқарып қалуға тырысқан екен. Келіншекті бір жарым жасар қызы және бес жасар ұлымен бірге өртенген үйдің есігінің жанынан тапқан, деп хабарлайды Sarbaz.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Өрттің қатты жанғаны сонша, қызыл жалын қаланың екінші шетінен көрінген. Көршілерінің айтуынша, кіреберіс бөлмеде тұтанған от бірден күш алып, баспананы күлге айналдырған. Ақыры екі бүлдіршін анасымен бірге көз жұмды.

«Терезеден секіріп түсіп, іште балаларым мен әйелім қалды деп айғай салды. Тұра жүгірдім, дем алу мүмкін емес еді. Өрт сөндірушілер тез жетті. Бірақ құтқарып қала алмады. Жап-жақсы отбасы болатын. Аналары жұмыс істейтін. Бәлендей, проблемасы жоқ еді. Бұрыннан танушы едім, амандасып жүретін», - дейді көршісі Юрий Сухарев.

Көршілерінің айтуынша, бұл үйге 80 жылдай болған. Өте ескі. Әжелерінен мұраға қалған екен. Бес адам тұрып жатқан. Үй иесінің анасы сол күні жұмыста болыпты. Өрт сөндірушілер хабар жеткен соң-ақ бес минутта келген. Бірақ екі баласымен далаға ұмытылған ананы құтқара алмапты.

Өрттен аман шыққан үй иесі мен жұмыста болған оның анасына жергілікті әкімдік көмек береміз деп отыр.

«Жергілікті атқарушы орган тарапынан жерлеу рәсіміне, уақытша жалдамалы пәтерге және басқа да қажеттіліктерге арнайы қаржы бөлінетін болады. Бұл жерге облыс басшылығы, қала басшылығы кеше түнде келді. Қаза тапқандардың туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз», - деді Петропавл әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсем Айтұлова.

Ұшқын әбден ескірген электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін деген болжам бар.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59