Алматыда Ұлы Отан соғысында қаза болған сарбаздардың мүрделерін іздеу мәселесі талқыланды

Тақырыптар бойынша 30-ға жуық баяндама жасалды

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Алматыда Қорғаныс министрлігімен бірлесіп халықаралық конференция өткізді. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған бұл шара ТМД елдеріндегі үкіметтік емес ұйымдар мен іздестіру қозғалыстарының өзара іс-қимылы үшін ашық диалог алаңына айналды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев конференцияның маңыздылығын атап өтіп, форумға қатысушыларға табысты жұмыс тіледі. Форум жұмысына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттік огандары мен іздестіру жасақтарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тарихшылар, мұрағатшылар, мұражай қызметкерлері, Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Конференцияға қатысушылар Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің аумағында мұрағаттық және далалық жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктерін талқылап, іздестіру жасақтарының табылған сарбаздардың мүрделерін Отанына беру кезіндегі өзара іс-қимылы және олардың есімдерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі бірлескен жұмыстар бойынша ұсынымдар қалыптастырды. Бұдан өзге жастарды әскери-патриоттық және рухани-адамгершілік рухта тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы да айтылды.

Конференцияда сөз сөйлеген «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Нағұманов:

«Мен үшін осы жерде фашизмге қарсы қанды қырғында бір атаның баласындай тізе қосып, Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен жауынгерлердің ұрпақтарын көру үлкен қуаныш. Бұл әділеттіліктің жеңісі, әрі ол барлық халыққа тиесілі. Соғыстан оралғаны бар, оралмағаны бар. Адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ең қатыгез соғыстағы өлмес ерлігі үшін біздің ата-бабаларымыз қандай да болсын жоғары бағаға лайық деп білемін», - деді өз сөзінде.

Конференция барысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің фашизмді жеңуге қосқан үлесі, ұрыс болған жерлерде іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, оларды тарихи-мұрағаттық қамтамасыз ету әдістемесі, ортақ тарихи жадыны сақтау бойынша іске асырылған жобалар мен перспективалық жоспарлар, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі эвакуациялық госпитальдардың тарихы, тыл еңбеккерлерінің фашизмді жеңуге қосқан үлесі бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Мәлімделген тақырыптар бойынша 30-ға жуық баяндама жасалды. Олардың әрқайсысы жиналғандардың шынайы қызығушылығын тудырып, қызу пікірталасқа ұласты.

Конференция соңында қатысушылар жас ұрпақтың ортақ тарихи жадқа деген қызығушылығын қалыптастыру ісінде іздестіру ұйымдарының, тарихшылардың, мұрағаттардың, мұражайлардың одан әрі тығыз өзара іс-қимылы қажет деген ортақ пікірге келді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22