Жиһангер ақсақал Қазақстаннан Түркияға дейін жаяу барды

Ол дүние жүзін жаяу аралап шығуды жоспарлап отыр

73 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Қазақстаннан Түркияға дейін. Ол Пиразиз қаласын басып өтті. Саяхаты туралы Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ақсақал Атыраудан Ыстамбұлға дейін 100 күнде өтуді жоспарлаған. Ол Астрахань қаласын, Кавказ аймағын басып өтіп, Грузия шекарасын кесіп өтіп, Түркияға Казбеги, Тбилиси, Батуми арқылы жетті. Түркияда Хопа, Архави, Ризе және Пиразиз қалаларында болды.

Түркияны аралап шыққаннан кейін саяхатшы қыстан өту үшін Қазақстанға оралады. Келер көктемде Түркия-Франция-АҚШ сапарының екінші кезеңі осы тоқтаған жерінен басталады.

Сәрсенбай Қотырашов осы жылдың 2 тамызында Қазақстан – Ресей – Грузия – Түркия - Болгария – Сербия – Венгрия – Австрия – Германия – Франция – АҚШ – Қытай – Моңғолия – Ресей – Қазақстан бағыты бойынша бүкіл әлемге жаяу саяхатын бастады.

Саяхатшы Гиннестің рекордтар кітабына тіркелу арқылы әлемдік рекорд орнатуды жоспарлап отыр. 2022 жылы Сәрсенбай Қотырашов 6 айда Қазақстанның 17 облысын жаяу жүріп өту арқылы елге танымал болған.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19