Азия ойындары: қазақстандық мергендер қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді

Жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ханчжоудағы Азия ойындарында аралас санаттағы пневматикалық мылтықтан 10 метрден ату жарысы аяқталды. Ислам Сәтбаев пен Александра Ле жұбы үшінші орын иеленді.

Медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді.

Кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған болатын.

«Ислам мен Александраны Азия ойындары жүлдесімен құттықтаймын. Олар Ираннан келген қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, тағы да шеберліктерін көрсетті. Отандық оқ ату спорты қарқынды дамып келеді және мұндай жетістіктер осының жарқын дәлелі», – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.Олар Иран құрамасын жеңіп кетті.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында бес қола және бір күміс бар.

Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02