Елімізде жыл басынан бері қанша сомаға несие берілгені анықталды

Былтыр сатылған тұрғын үйлердің 34%-ы ипотекамен алынған

Ұлас Үсенбай

2023 жылдың 5 айында  Қазақстанда 560 млрд теңгеге жуық ипотекалық несие берілді. Бұл қаражаттың басым бөлігі – 393,3 млрд теңгесі «Отбасы банкінің» (22,6 мың несие) үлесіне тиесілі, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі  Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ипотекалық несиелердің көлемі 2 триллион теңгеге жуықтаса, оның 1,4 триллионын «Отбасы банкі» (79,9 мың несие) берген.

Бірінші несие бюросының мәліметінше, 2022 жылы ипотекалық сегментте барлығы 159 мың несие берілген. Бұл елдегі жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша 465,8 мың мәміле жасалғанын ескерсек, сатылған барлық тұрғын үйдің 34%-ы ипотекамен алынған.

2023 жылдың мамыр айында ипотекалық несиелердің жалпы портфелі 4,8 трлн теңгеге жетті. Оның 3 трлн теңгеден астамы «Отбасы банкіне» тиесілі.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19