Сарыөзекте шабуылдау бригадасының оқу-жаттығу жиыны өтті

Практикалық сабақтарға 90-нан астам әскери қызметші тартылды

Сарыөзек гарнизонының шабуылдау бригадасының жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Т-72 танкінің қару-жарағынан штаттық снарядпен оқ атуы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оқу-жаттығу полигонында танк экипаждары алғашқы бақылау ату жаттығуларын орындау кезінде жақсы нәтиже көрсетті, 125 мм зеңбірек пен жұптасқан пулеметтен 500-ден 2000 метрге дейінгі қашықтықтағы танкке, серпілмейтін қару және қарсыластың күшін сомдаған имитациялық нысанаға тиді.

Танкистер оқ-дәрілерді танктерге салу, танк қару-жарағын жорық жағдайынан жауынгерлік жағдайға ауыстыру және кері бағыттағы да нормативтерді пысықтады. Практикалық сабақтарға 90-нан астам әскери қызметші тартылды, онға жуық әскери техника жұмылдырылды. Барлық атыстар бригада командирі подполковник Дәулет Секеновтың басшылығымен өтті.

«Танк экипаждары осындай жаттығуларда танк ұрысының нағыз қуатын сезініп, кәсіби шеберлігін арттырады. Әскери қызметшілер болса, жауынгерлік дағдыларын, штаттық қарудан ату және танк қаруынан атысты басқарудағы практикалық машығын жетілдіреді», – деді танк батальонының командирі майор Бақытбек Әбдірахманов.

Танк экипаждары күндізгі және түнгі уақытта орындайтын штаттық снарядпен оқ ату ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің барлық әскери бөлімдерінде өтеді. Штаттық атыс танк бөлімшелеріндегі жауынгерлік әзірліктің шыңы болып саналады және оған дайындық ұдайы жүргізіледі.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30