ҚР ІІМ: 2024 жылдан бастап паспорт пен жеке куәлік алу үшін саусақ ізін тапсыру қажет

Бас тартқан азамат Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша жазаланады

Елімізде енді 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынатын болады. Дактилоскопиялық тіркеудің міндетті екенін Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Дактилоскопиялық тіркеу – бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Міндетті дактилоскопиялық тіркеу елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, ҚР барлық азаматтары және Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге жатады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар дактилоскопиялық тіркеуден ерікті негізде өтеді. Саусақ іздерін алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлікті, паспортты, шетелдіктің елде тұруға ықтиярхатты және азаматтығы жоқ адамның куәлікті ресімдеуі кезінде жүргізілетін болады», – деді спикер.

Оның айтуынша, саусақ іздерін алу процесінен бас тартқан азамат Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 443-1-бабы бойынша жазаланады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02