Астанадағы арнайы мақсаттағы бригаданың құрылғанына 20 жыл толды

Осыған орай орай салтанатты шара өтті

Админ

68665 әскери бөлімінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған мерекелік концерт Бейбітшілік және келісім сарайында өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Арнайы мақсаттағы бригаданың үздік әскери қызметшілері грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік концерт Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтті.

Жиырма жылғы қалыптасу және даму жолында бригаданың өзіндік даңқты жауынгерлік дәстүрі болды. Республикада және әскерлерде мақтан тұтатын әскери қызметшілердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Күрделі және қиын жағдайда құраманың жеке құрамы әскери және қызметтік борышына адал болды. Бөлімнің әскери қызметшілері алдына қойылған міндеттерді кез келген жағдайда орындауға қабілетті екенін бірнеше рет дәлелдеді. 

Қазіргі уақытта әскери бөлім елордада орналасқан абыройлы, беделді құрамалардың бірі болып табылады. Сондықтан мектеп оқушыларымен, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулер жиі өтеді. Әскери-патриоттық және спорт клубтарының тәрбиеленушілерімен сабақтар тұрақты түрде өтетіндіктен, жасөспірімдер әскери қызметшінің кәсібі жайлы байыпты ойлайды.

Құраманы құрылған уақыттан бастап әр жылдары генерал-майор Дулат Адырбеков, полковник Ермек Әлмұхаметов, генерал-майор Алмаз Жұмакеев, подполковник Нұрлан Кәрібаев басқарды. Қазіргі уақытта әскери бөлімге подполковник Абай Әлібеков басшылық етеді. 

Арнайы мақсаттағы бригада соңғы үлгідегі және заманауи қару-жарақпен жабдықталған. Бүгінгі таңда бригада жеке құрамының жауынгерлік әзірлігі мен машығы кез келген тапсырманы орындауға мүмкіндік береді.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02
  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

16/06/2025 - 14:41
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28