Алматы облысында жасөспірім 6 оқушыны қағып кетті

15 жастағы 10-сынып оқушысы көліктің рөліне отырған

Алматы облысында көлікке заңсыз отырған жасөспірім 10-сынып оқитын бір топ қызды қатты жылдамдықпен келіп қағып кеткен, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтің мәліметінше, оқиға 21 қыркүйекте сағат 18:41-де Райымбек ауданы Нарынқол ауылында болған.

«Полиция бөліміне 15 жастағы кәмелетке толмаған баланың «Subaru» маркалы көлігінде келе жатып рөлді басқара алмай, тротуарға шығып кеткені, артынша бір топ жаяу жүргіншіні қаққаны туралы ақпарат келіп түсті. Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан 2008 жылғы алты кәмелетке толмаған бала зардап шекті, олардың бесеуі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Аталған дерек ҚР Қылмысиық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.

«Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Кәмелетке толмаған жасөспірім өзінің ағасының көлігін ескертпестен дүкенге айдап шыққан. Оқиғаның тергеу барысы менің бақылауыма алынды», - деді Б. Әленов.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02