1 млрд теңге жымқырған: халықаралық іздеуде жүрген азамат Түркиядан экстрадицияланды

Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Түркия Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүрген азамат «К» ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Аталған азамат құрылыс компанияларының жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңгеге ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

«Бұл қаражат әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салуға арналған. Олардың арасында аурухана болды. Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмыс жасағаны үшін оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұл нәтижеге біздің мемлекеттер арасындағы қылмыстық-құқықтық саладағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің, сондай-ақ Бас прокуратураның Түркияның құзыретті органдарымен мақсатты жұмысының арқасында қол жеткізілді», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Түрік елі тарапынан қылмыс үшін жазаның бұлтартпасытығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш-жігерін толық қолдағанын атап өткен жөн.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02