«Әскер Медиа-2023»: үздік БАҚ өкілдері таңдалады

Фестивальге қатысу үшін өтінімдер 2023 жылғы 20 қыркүйектен 31 қазанға дейін қабылданады

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі республикалық және өңірлік деңгейдегі, баспасөз, телевизиялық және электрондық БАҚ, радио және блогерлердің басын біріктіретін «Әскер Медиа-2023» үшінші республикалық баспасөз фестивалін өткізеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты Қарулы Күштердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, ҚК қызметін бұқаралық ақпарат құралдарымен білікті және дәйекті түрде жария ету, қоғамдық позитивті пікір қалыптастыру, әскери қызметтің беделін насихаттау және арттыру, бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Конкурстық жұмыстарды іріктеу кезінде барлық қатысушылар абсолюттік тең жағдайда болады. Бағалаудың басты өлшемшарты жоғары кәсіби деңгей, тақырыптың өзектілігі және мазмұндау тілінің мәнерлілігі болмақ. Конкурста 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 қазан аралығында БАҚ-та жарияланған жұмыстар қатысады.

«Әскер Медиа-2023» республикалық баспасөз фестивалінің қорытындысында келесі аталымдар бойынша БАҚ-тың үздік өкілдері таңдалатын болады:

«Бес қару» - үздік телевизиялық бағдарлама үшін; «Дауылпаз» - үздік радиобағдарлама үшін; «Алдаспан» - баспа БАҚ-тағы үздік материал үшін; «Сөзсемсер» - ақпарат агенттігіндегі үздік жұмысы үшін; «Рауан» - Үздік фотожұмыс үшін; «Қамшыгер» - әлеуметтік желілер мен блог-платформалардағы үздік жұмысы үшін; «Ділмар» - үздік әскери шолушы; «Жас өркен» - үздік жас журналист.

Фестивальге қатысу үшін өтінімдер 2023 жылғы 20 қыркүйектен 31 қазанға дейін электрондық нысанда AskerMedia2023@gmail.com поштаға қабылданады.

Байқауға қатысу шарттары, сондай-ақ «Әскер Медиа-2023» қазақстандық баспасөз фестивалінің ережесімен ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/article/details/134198?directionId=136&lang=kk сілтемесі арқылы толыққанды танысуға болады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30