Ақтөбеде Әскери институттың курсанттарына жаңа жатақхана берілді

Мұнда курсанттар ғана емес, офицерлер де білім алады

Ақтөбеде Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әскери институттың курсанттарына жаңа жатақхана берілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жатақхананың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов пен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысты.

Әскери институт жеке құрамын құттықтаған өңір басшысы курсанттарға кәсіби білім алып, олардың болашақта Қазақстан армиясының офицерлік құрамын толықтыратынына сенім білдірді. Авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов пен облыстық мәслихат депутаты Сергей Вишняк жатақхананың лентасын қиды.

Дәурен Қосанов болашақта Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы әскери институтта курсанттар ғана емес, офицерлер де білім алатынын атап өтті.

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған жобалары шеңберінде салынған 280 орындық жаңа жатақхана ұшқыштар және инженерлік батальондардың курсанттарына, сондай-ақ әскери оқу орнында медициналық бағытта оқитын курсант қыздарға арналған. Жатақханада тұрмыстық үй-жайлар, сондай-ақ дәрігерлік-ұшу комиссиясы үшін персоналы және 45 орындық стационары бар медициналық пункт көзделген.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02