Мысырда акула тағы да адамға шабуылдады

Оқиға Мысырдың Дахаб курортында болған

Жанель Нұрболатқызы

Мысырда акула бойжеткенге шабуыл жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі El Manshar басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, акула қызға қонақүй жағажайында шабуыл жасаған. Бойжеткен аман қалды. Алайда оның қолын ампутациялауға тура келген.

«Алдымен үлкен балықты көрдік. Сосын бірден айқай-шу естілді. Жігіт қызды жағалауға сүйреп жатыр. Ол ес-түссіз. Қолына не болғаны түсініксіз. Акула қолын шынтағына дейін тістеп алды деген күдік бар. Жәбірленушіні қонақжай қызметкерлері бірден алып кетті. Дахабта алғашқы көмек бар, сосын – Шарм-эль-Шейхке», – дейді куәгерлердің бірі.

Акуланы Мысырдың қауіпсіздік қызметі екі сағат бойы іздеген, бірақ оны таба алмаған.

«Маған акула қызға шабуыл жасағаны, иығынан тістеп алғаны айтылды. Кейін жергілікті қауіпсіздік қызметі жыртқышты екі сағат бойы іздеді. Бірақ тапқандарына күмәнім бар. Оны жай ғана қуып жіберген сияқты», – дейді «Москва 24» телеарнасына сұхбат берген куәгер.

Кейінірек Египеттің Қоршаған ортаны қорғау министрлігі зардап шеккен қыздың Мысыр азаматшасы болып саналатынын, оған барлық қажетті көмек көрсетілгенін және қазір жағдайы бірқалыпты екенін хабарлаған.

Айта кетейік, бұл Мысырда соңғы үш айдың ішінде акуланың адамға екінші рет шабуыл жасауы.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17