Білім гранты: 13 шілде күні конкурсқа өтініштер қабылдау басталады

Биыл бакалавриатқа 73 мың грант бөлінген

Ұлас Үсенбай

Биыл грант конкурсына қатысу үшін өтініш 13-20 шілде аралығында қабылданады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Оның айтуынша, грантқа өтініш қабылдау осы аптада басталады. Талапкерлер еGov порталы, университеттің өзіне бару және ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы құжат тапсыра алады.

«Биыл грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау науқаны 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Алыс аймақтарда тұратын талапкерлерге ыңғайлы болу үшін биыл еGov электронды үкімет порталы арқылы онлайн өтініш қабылдаймыз. Сонымен қатар құжаттарын дәстүрлі форматта, яғни офлайн тапсырғысы келетіндер университетке келе алады, онда қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Бұған қоса, университеттердің виртиуалды қабылдау комиссиялары да жұмыс істейді», - деді Қуаныш Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол биыл бакалавриатқа 73 мың грант бөлінгенін атап өтті. Барлық гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінген. Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінген, олардың саны 18 744 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 388 грант тиесілі. «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген.

Сондай-ақ халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін арнайы гранттар қарастырылып отыр:

Атырау облысы – 1500, Маңғыстау облысы – 1500, Ұлытау облысы – 300, Жетісу облысы – 300, Абай облысы – 500, Шымкент – 400, Түркістан облысы – 500.

Бұл гранттар педагогикалық, инженерлік, IT мамандықтарға және жаратылыстану ғылымдарына бөлінген.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22