Санкция салдары: Қазақстан Ресейден сатып алған қару-жарақты пайдалана ала ма?

Қорғаныс министрлігі ресми жауап берді

Қазақстан әскерінің қару-жарағы мен әскери техникасының негізгі бөлігі ресейлік (бірлескен) өндірістен шыққан, Ресейге салынған санкциялар бұрын жеткізілген қару-жарақ үлгілерін одан әрі пайдалануға қандай да бір әсері бар ма? Қорғаныс министрлігі ресми жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Министрліктің мәліметіне сүйенер болсақ, енгізіліп жатқан санкциялар қару-жарақ пен әскери техниканы, ең алдымен, кеңестік және ресейлік өндірісті одан әрі пайдалануға едәуір әсер етуі мүмкін, өйткені компоненттер мен қосалқы бөлшектерді жеткізу іс жүзінде тоқтатылды.

«Әдетте, ресейлік қару-жарақты алушы ел мәміледе сатып алынатын қару-жарақ пен әскери техниканы, оның ішінде Қытай немесе Үндістан сияқты қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өздерінің отандық кәсіпорындарында қосалқы бөлшектер мен олардың құрамдас бөліктерін өндіруді ұйымдастыруды қарастырады.

Одан өзге Шығыс Еуропа елдерінде Варшава келісіміндегі, атап айтқанда Сербия, Чехия, Словакия және т.б. елдердің қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өндіру және жаңғырту жалғасуда. Бұл бағытта қару-жарақ нарығына мониторинг үнемі жүргізіліп отырады», - делінген ресми жауапта.

Ведомствоның мәліметіне сүйенер болсақ, бұл Қорғаныс министрлігі қолдау көрсететін, уәкілетті органның міндеті болып саналады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19