Астанада үш ауысымды мектеп мәселесі қашан шешіледі?

Әкім орынбасары жауап берді

Елордада мектеп жасындағы 259 мың бала тұрады. Оның 27 мыңы биыл 1 сыныпқа барды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл бала саны 22 мыңға артты. Ал үш ауысымды мектептердің мәселесі қалай шешілмек? Астанадағы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Байкен түсіндіріп берді. Бұл туралы Sarbaz.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша қазір қалада үш ауысымды және шамадан тыс жүктемесі бар мектептердің мәселесін шешу жұмысы жүріп жатыр.

«Үш ауысымды және бала саны шамадан тыс мектептердің санын азайту мақсатында қазіргі уақытта қалада 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде 11 мектеп биылғы оқу жылында пайдалануға беріледі. Оқу жылының басында 4 мектеп (1 мектеп, 1 мектептің жанынан салынған жаңа корпус, 2 жекеменшік мектеп) пайдалануға берілді.

Атап айтсақ, өзекті мәселелердің бірі болған – соңғы бес жылда 3 ауысымда оқып келген №59 мектеп-лицейдің мәселесі толығымен шешілді. Мектеп жанынан 1200 оқушы орнына арналған жаңа корпус пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, биыл екі ауысымда 2400 оқушы орнына арналған №96 мектеп-гимназиясы ашылып пайдалануға берілді. Бұл №85 мектеп-лицейінің үшаусымдық мәселесін шешті», - дейді Есет Байкен.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарлама бойынша 2024-2025 жылдар аралығында 90 мың орындық (екі ауысымды) 24 мектеп салынады. 24 мектептің 15-сі қарқынды дамып келе жатқан Нұра мен Есіл аудандарында салынады. Осылайша, қаладағы үш ауысымда оқытатын және бала саны шамадан тыс мектептердің мәселесі толық шешімін таппақ.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30