8-қабаттан секірмек болған: Астанада полицейлер ер адамды құтқарып қалды

Құтқару сәтінің видеосы жарияланды

Астанада полицейлер көпқабатты үйден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«102» арнасына көпқабатты үйлердің бірінен белгісіз азамат 8-қабаттың терезесінен секірмекші болғаны туралы қоңырау түскен. Құрамында полиция капитаны Асылхан Молдағалиев пен аға лейтенант Қуат Сембеков бар автопатруль оқиға орнына жетті. Полицейлер келгенде ер адам балкон терезесінен салақтап тұрғанын байқаған.

«Тәртіп сақшылары жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге ер адамды қолынан ұстап, ішке тартып кіргізген. Осы кезде мас күйінде болған ер адам қатты айқайлап босатуды сұраған. «Біз экипаж мүшесі ретінде ер адам балконнан салақтап, төменге секірмекші болған жерге бірден жеттік. Санаулы секундтарда жоғары көтеріліп, оның қолынан ұстап, пәтерге кіргіздік», - дейді Асылхан Молдағалиев.

Ер адамға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Полицейлер 28 жастағы жігіттің мұндай жағдайға баруына не түрткі болғанын анықтауда. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02