Кастрация, 100 млн теңге өтемақы: Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап өлтірген адам өмір бойына сотталды

Оқиға биыл 14 шілде күні Түркістан облысында болды

Шымкентте 5 жасар Еркежан Нұрмаханды өліміне қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сот үкімімен кішкентай қызды өлтірген адам өмір бойына сотталды және оған химиялық кастрация жасау тағайындалды.

Марқұм бүлдіршіннің жақындары сот процесіне қатыстырылған жоқ.

Айта кетейік, жантүршігерлік қылмыс биыл 14 шілдеде болған. Еркежан есімді бүлдіршін 13 шілдеде түс уақытында ауладан із-түзсіз жоғалып кеткен. Бүлдіршінді іздеуге бүкіл ауыл жұмылған. Марқұмның туыстарының айтуынша, бұрын сотталған көршісінен күдіктенген. Іздеп жүрген топ оның үйіне екі рет барғанымен, үйін тек үшінші рет барғанда ғана толық тінтіп шыққан. Сол кезде күдіктінің қорасынан көптеген пышақ жарақаты бар қыздың денесі табылған.

«Үшінші рет барғанда үйін тінтіп шықтық. Тінту кезінде қораның шатырына көзім түсіп кетті. Досым екеуміз шатырға шыққанымызда Еркежанның киімсіз жатқан өлі денесін көрдік», - дейді Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылының тұрғыны Ержан Ахметов.

Кейін белгілі болғандай, баланы өлтірді делінген педофил-күдікті бұрын кісі өлтіргені үшін 10 жылға жуық жазасын өтеп келген. Ал биылғы мамырдың басында өзгенің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін үш жылға бас бостандығы шектелгені анықталды.

Жантүршіктірер қылмыс туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30