Арнайы операция: ҰҚК Солтүстік Кипрден Қазақстанға қылмыстық топтың 7 мүшесін жеткізді

Олар рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды деген күдікке ілінді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 6 қыркүйекте жүзеге асырған операциясының қорытындысы бойынша Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Коспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Аталған адамдарды бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздестіруге жариялаған болатын.

«Тергеу мәліметтері бойынша, оның мүшелері қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ көлеңкелі бизнеспен айналысқан.

ҰҚК операциясы шеңберінде шетелдік әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, топ қатысушыларының орналасқан жерлерін анықтау, сәйкестендіру және ұстау жөніндегі қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырылды.

Күдікті адамдар ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметінің жауынгерлерінің айдауылымен Астана қаласына жеткізілді және қылмыстық қудалау органының қызметкерлеріне берілді», - делінген ведомство хабарламасында.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19