Германия Украинаға кезекті қару-жарақ партиясын жеткізді

Жыл соңына дейін 40 мың снаряд өндіріліп, жеткізіледі, деп хабарлады Rheinmetall концерні.

Германиядан Украинаға Gepard өздігінен жүретін зениттік зеңбіректерге арналған 35 мм калибрлі снарядтардың жаңа партиясы жеткізілді. Бұл туралы федералды республиканың қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомство басшысы Борис Писториустың айтуынша, Украинаға әуе қорғанысы жүйесі мен оқ-дәрі керек.

«Gepard үшін снарядтар өндірісін қалпына келтіре отырып, біз екі аспектіге де назар аударамыз», - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі бұл ретте қару-жарақ партиясының көлемін нақтыламай отыр.

«Жыл соңына дейін 40 мың снаряд өндіріліп, Киевке жеткізіледі», - делінген хабарламада.

Соңғы 1,5 жылда ГФР Украинаға 20 млрд еуродан аса қаржыға гуманитарлық, қаржылық және әскери көмек көрсетті. Сонымен қатар Берлин Киев билігін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен жауынгерлік танктермен қамтамасыз етті. Украина ұзақ қашықтыққа ұшатын Taurus зымырандарын да алғысы келетін ойын білдірген, бірақ неміс билігі бұл туралы шешім қабылдауға асығар емес.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19