Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары газға уланып қалды

Оқиға 4 қыркүйек күні болды

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары газға уланып ауруханаға түсті. Бұл туралы Sarbaz.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

4 қыркүйек күні сағат 20.00 шамасында Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши тұрғындарынан газдың өткір иісіне шағымдар түсе бастаған.

Алдын ала анықталғандай, Шұбарши газ тарату станциясының жұмысы толығымен тоқтап қалғаннан кейін, оны жөндеу бойынша жоспарлы ажырату жүргізілген. Газ тоқтатылып, бұрандалы кран ауыстырылған соң талапқа сай, жүйеге өткір иісі бар «одорант» деп аталатын газ жіберілген. Осыдан кейін халықтан шағымдар түскен.

«Жергілікті тұрғындардың шағымдары түскеннен кейін «Техногаз» ЖШС мамандары Кеңқияқ, Саркөл ауылдарының тұрғын үйлерін аралап шықты. Нәтижесінде газдың таралу деректері анықталған жоқ.Ал Кеңқияқ ауылының ауруханасына 8 тұрғын газбен улану белгілерімен жүгінді. Қазіргі уақытта барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Басқа зардап шеккендер жоқ.Осы дерек бойынша экология, СЭС және Төтенше жағдайлар департаменті уақытылы хабардар етілді. Жағдай бақылауда», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19