Солтүстік Корея Ресейге қару-жарақ бере ме: Ким Чен Ын Путинмен кездесуді жоспарлап отыр

Ким Чен Ын Ресейге соңғы рет 2019 жылы барған

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Ресейге іссапармен баруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«АҚШ шенеуніктері мен одақтас елдердің шенеуніктерінің айтуынша, КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын осы айда президент Владимир Путинмен кездесу үшін Ресейге баруды жоспарлап отыр», — делінген материалда.

Басылымның мәліметінше, сапарда Ресейге көбірек қару-жарақ жеткізу мүмкіндігін талқылау және әскери ынтымақтастық орнату мәселесін талқылау жоспарланған.

Аталмыш басылым Ким Чен Ынның Ресейдің нақты қай жеріне баратынына бірнеше болжам жасады. Олардың бірі – Владивосток, онда ол шығыс экономикалық форумда Ресей президентімен кездеспек. Кейбір шенеуніктер Солтүстік Корея көшбасшысы Тынық мұхиты флотының кемелерін бақылау орнына барады деп санайды. Сол сияқты Амур облысындағы «Восточный» ғарыш айлағына және Мәскеуге барады деген де болжам бар.

NYT мәліметінше Ким Чен Ын Приморье астанасына баратын болса, бронды пойызбен жетуі мүмкін.

Айта кетейік, КХДР көшбасшысы Владивостокқа бронды пойызбен 2019 жылдың сәуірінде барған. Бұл оның 2011 жылы қызметке кіріскенінен кейінгі Ресейге алғашқы сапары еді.

Пхеньян Батыс саясаткерлері мен БАҚ-тың Мәскеуге қару-жарақ жеткізу туралы мәлімдемелерін бірнеше рет жоққа шығарды. КХДР сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, елде Ресеймен мұндай мәмілелер ешқашан болған емес және ол бұл туралы кез келген хабарламаны қауесет деп атады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17