Шымкентте «Жас ұлан» әскери мектебінде алғашқы қоңырау соғылды

Алғашқы қоңыраудың салтанатты рәсімі мектеп оқушыларын алаңда сапталуымен басталды

1 қыркүйекте Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент Республикалық «Жас ұлан» мектебінде «Алғашқы қоңырау» соғылды. Іс-шараға мектептің жеке құрамы, ҚР ҚК ардагерлер қоғамының төрағасы және ауған ардагерлері, сондай-ақ ұландардың ата-аналары қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Алғашқы қоңыраудың салтанатты рәсімі мектеп оқушыларын алаңда сапталуымен басталды.

Оқушылар мен қонақтарға мектеп бастығы полковник Пернехан Орынбеков құттықтау сөз сөйледі. Жиналғандарға арнаған сөзінде Пернехан Басарбекұлы мектеп тәрбиеленушілері өз білімдерімен және еңбекқорлығымен Отан қорғаушы мамандықтарының беделін арттыруда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

«Бүгін бәріміз үшін үлкен мереке. Біз педагогтар мен тәрбиешілерді өз жұмысын ең жоғары деңгейде орындап, мектепте оқитын әрбір тәрбиеленушімізді мақтан тұтқанымызды қалаймыз. Сіздер бір команда болып, өз Отанының нағыз патриоты болатындарыңызға кемел сенеміз. Сіздерге зор денсаулық, жақсы көңіл-күй мен кішкентай болса да жеңіс тілеймін. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!» - деді полковник Пернехан Орынбеков.

Әскери мектептегі білім күні іс-шарасы шақырылған құрметті қонақтардың құттықтау сөздерімен жалғасты. Ата-аналар, мұғалімдер мен ардагерлер ұландарды мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Салтанатты митингіден кейін мектептің көркемөнерпаздар концерті өтті. Қарулы Күштер ардагерлері мен ауған жауынгерлерінің қатысуымен мектеп тәрбиеленушілері үшін «Мектеп – мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Жиылған жұрт мектептің оқу-материалдық базасымен, сондай-ақ ұландардың өмір сүру жағдайымен танысты.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19