Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы өмірден өтті

Аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының сарбазы бір аптадан кейін 102 жасқа толатын еді

Админ

Панфилов дивизиясының соңғы жауынгері Қайырлы Жонқабаев қайтыс болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша ардагердің көзі тірі болғанда 10 қыркүйекте 102 жасқа толатын еді.

Аты аңызға айналған қарт жауынгерді жерлеу рәсімі кеше Боролдай зиратында өтті. Ардагер жұбайының жанына жерленді.

Қайырлы Жонқабаев 1921 жылы Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында дүниеге келген. Қайырлы Уатайұлы майданға аттанғанға дейін Шығыс Қазақстан облысында орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарған.

1941 жылы Панфилов дивизиясының 23-гвардиялық полкінің жауынгері болды, бүкіл соғысты бастан өткерді. Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада 8-гвардиялық атқыштар дивизиясында пулеметші болған.

Өзінің дивизиясымен Беларусті, Польшаны, Эстонияны азат етуге қатысты. 1943 жылы ақпанда Ржев түбіндегі қанды шайқаста жараланып, жеңісті Дрезденде қарсы алды.

Соғыстан кейін Самар аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Кейін аудандық тұтынушылар одағы жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. 1970 жылдан 1983 жылға дейін Алматы қаласындағы қоғамдық тамақтандыру жүйесінде шаруашылық есеп директоры болды. 1983 жылы зейнеткерлікке шықты. Бес бала тәрбиелеп өсірді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін "Қызыл Жұлдыз" және ІІ дәрежелі "Отан соғысы" ордендерімен, "Ерлігі үшін", "Мәскеуді қорғағаны үшін" медальдарымен, сондай-ақ бірнеше наградамен марапатталған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22