Швейцария Қазақстанға 32,5 млрд доллардан астам инвестиция құйған

Тоқаев Швейцарияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассисті қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцарияның федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас достық пен ынтымақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Швейцарияның Алматыдағы Құрметті консулдығы қызметінің басталуымен құттықтады. Оның ресми ашылу рәсіміне Иньяцио Кассис қатысты.

Мемлекет басшысы Швейцария Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси, сауда және экономикалық серіктестерінің бірі екенін айтты. Қазіргі уақытта Швейцария Қазақстанның  жетекші 20 сауда серіктесінің қатарына кіреді. Елімізге жалпы көлемі 32,5 миллиард доллардан астам инвестиция құйған үш ірі инвестордың бірі.

«Біз Қазақстан экономикасының перспективті салаларына инвестиция құюға дайын жаңа швейцариялық компанияларды қолдаймыз. Қазақстан Үкіметі мен Stadler теміржол концерні арасында қол қойылған келісімнің келешегі зор деп ойлаймын. Сондықтан осы мәміленің жүзеге асырылу барысын ерекше қадағалаймыз. Бұл біздің қарым-қатынасымыздың дамуына тың серпін береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті Ален Берсеге ізгі тілегін жолдады.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

Бүгін, 10:52
Админ
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13