Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы, ең алдымен, былтырдан бері жүргізілген ауқымды саяси реформаларға тоқталып, елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орныққанын, адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалып, әділдік пен заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалуға болмайтынына назар аударып, осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет екенін айтты.

– Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті. Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады. Бұл, ең алдымен, экономикалық тұрақтылығымыздың аса маңызды кепілі екені сөзсіз. Әрине, басқа елдер де қарап отырған жоқ, олар да алға қарай ұмтылып, дамуда. Бір сөзбен айтқанда, жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде.Технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеуші және тау-кен өнеркәсібі, қорғаныс-өнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, қаржы, IT және цифрландыру, су ресурстары, креативті индустрияны дамыту, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қолдау жөнінде Үкіметке нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ мемлекеттің экономикаға ықпалын азайтуға, экономиканы монополиядан арылтуға, макроэкономикалық саясатты қайта қарауға, салық, бюджет саясатын және әкімшілік басқару жүйесін реформалауға қатысты бірқатар маңызды бастама көтерді.

Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Жолдаудың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

__Последние новости

  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

Алдын алу шарасы

11/09/2024 - 23:53