«Бомба бар»: Астана әуежайында әзілдемек болған жолаушы 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

Ол өзімен бірге бомба бар деп әзілдеген

Астана әуежайында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген жолаушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Sarbaz.kz елорда әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана халықаралық әуежайынан Астана-Алматы бағыты бойынша ұшып бара жатқан жолаушы тіркеу кезінде өзімен бомба бар екенін айтқан. Әуежайда дабыл қағылып, қызметкерлер нысанды шұғыл тексеруге мәжбүр болды. Алайда Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметіндегілер ешқандай жарылғыш заттың нысан аумағында жоқ екенін анықтады.

Жарылғыш зат туралы жалған хабар берген жолаушы рейстен шеттетіліп, желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір жолаушыға қатысты ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы немесе 14,5 млн теңгеге дейін айыппұл көзделген.

«Әуежай – стратегиялық маңызды нысан. Мұнда келген әр жолаушы ұшаққа отырмас бұрын жіті тексеріледі. Жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген жолаушы өзінің түсініктемесінде «бір қызды ұнатып, соған әзілдемек ниетте» айтқанын жеткізді. Алайда авиациалық қауіпсіздік әзілдеуге келмейтін тақырып. Сондықтан жолаушылардан әуежайдың тексеру қызметіне жауапкершілікпен қарап, жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратпауын сұраймыз», - деді «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» АҚ PR қызметінің басшысы Тойгүл Жубанысова.

Жыл басынан бері Астана халықаралық әуежайында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат беру бойынша 30 іс тіркелген.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02