Абай облысындағы өрт: сарбаздар 73 учаскедегі өртті сөндіріп, 3000 метр жерді жыртты

Қарулы күштердің тобы 73 учаскедегі өрт ошақтарын жойып, ұзындығы 3000 метрлік жерді жыртуды жүзеге асырды

Қорғаныс министрі Абай облысында алапат өртті сөндіруге қатысқан әскери қызметшілерге наградалар табыс етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Бас штабтың, департаменттер мен басқармалардың басшылығы, Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшылары қатысты.

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери қызметшілерге әскери қызметтік борышын орындаудағы жанқиярлығы мен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтты.

«Қарулы күштердің тобы 73 учаскедегі өрт ошақтарын жойып, ұзындығы 3000 метрлік жерді жыртуды жүзеге асырды. Өтуі қиын учаскелердегі 20 шақырым жолды тазалады» – деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов 53975 әскери бөлімінің командирі полковник Нұрлан Байдуллаевқа II дәрежелі «Айбын» орденін, 28738 әскери бөлімінің 1 сыныпты сержанты Талғат Жанғазиновке «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін табыс етті.

Абай өңірлік гарнизоны әскери полициясы кинологиялық қызметінің бастығы аға лейтенант Аслан Ықыласов Қорғаныс министрлігінің «Ел қорғаны» ведомстовлық медаліне ие болды.

44736 әскери бөлімінің бөлімше командирі аға сержант Рүстем Өткелбаев, 28738 әскери бөлімінің батарея сержанты Мадияр Бекенов, Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция патрулінің бастығы кіші сержант Ернұр Еркінтаев Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін иеленді.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02