29 тамыз – Семей полигонының жабылған күні

Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн

Бүгін Семей полигонының жабылған күні. 2009 жылы Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Ассамблеясы 29 тамызды - Семей полигонының жабылған күні - Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.

Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядын жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады.

Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Курсанттардың оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Кеше, 10:25
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13