Әскери қызметшілер Конституция күніне арнап спорт жарыстарын өткізді

Үздік спортшылар медальдармен, грамоталармен және вымпелдермен марапатталды

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде шағын футбол, волейбол, арқан тартыс және белтемірге тартылудан жарыстар өткізілді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оған Ұлттық қорғаныс университетінен, Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінен, Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығынан, 68665 әскери бөлімінен, Қазақ гуманитарлық заң университетінен 150-ден астам адам қатысты. Олардың негізінде Ұлттық қорғаныс университетінен екі (ҰҚУ-1, ҰҚУ-2), «Алдараспан», ҚазМЗУ, «Шығыс» және «Арлан» атты алты аралас команда құрылды.

Шағын футболдан бірінші орынды Ұлттық қорғаныс университетінің бірінші командасы иеленсе, екінші, үшінші орындарды «Алдараспан», «Шығыс» командалары өзара бөлісті.

Ұлттық қорғаныс университетінің бірінші командасы волейболда да топ жарып, жеңімпаз атанды. Екінші орын Ұлттық қорғаныс университетінің екінші командасының еншісінде. Үшінші орында – Заң университетінің волейболшылары.

Арқан тартуда Ұлттық қорғаныс университетінің бірінші командасы тағы да жеңімпаз атанды. Екінші, үшінші орындарды «Алдараспан», «Арлан» командалары иеленді.

Tartyl Fest жарысында «Арлан» командасы жеңіс тұғырынан көрінсе, бұл жолы екінші, үшінші орындар ҚазМЗУ және ҰҚУ-1 командаларының еншісіне бұйырды.

Жалпы командалық есепте ҰҚУ-1 командасы жеңімпаз атанды. Екінші орында – «Алдараспан» командасы, үшінші орында – ҚазМЗУ спортшылары.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға кубок табысталды. Үздік спортшылар медальдармен, грамоталармен және вымпелдермен марапатталды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Салтанатты түрде шығарып салды

18/04/2025 - 11:12
  • Басты назарда

Тактикалық-арнайы жаттығу

16/04/2025 - 09:14
  • Басты назарда

«Сардар» қалалық кешенді олимпиадасы

15/04/2025 - 16:01
  • Басты назарда

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

15/04/2025 - 10:56
  • Басты назарда

«Жігіт сұлтаны» байқауы

14/04/2025 - 16:00
  • Басты назарда

127 сарбаз запасқа шықты

14/04/2025 - 15:13
  • Басты назарда

«Наурыз» жарысы

13/04/2025 - 16:59
  • Басты назарда

Әскери бөлімдегі алдын-алу шарасы

13/04/2025 - 15:18
  • Басты назарда

Гарнизондағы түсіндіру сабағы

13/04/2025 - 15:17
  • Басты назарда

Тарихи танымын кеңейтті

13/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Әскери бөлімнің мерейтойы

12/04/2025 - 17:57
  • Басты назарда

Жауынгерлік техника мұражайы ашылады

12/04/2025 - 10:45
  • Басты назарда

Семейден Ақтауға аттанды

12/04/2025 - 10:09