СОЛ БІР КЕЗ...

Капитан Қарлығаш Ақылбекова – әскери журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Студент кезінде «Жастық дәурен өрнектері» деген жинағы жарық көрген. Шағын әңгімелері, публицистикалық материалдары республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып келеді.

Админ

Әскер десе санамызға бес қаруы сақадай сай, сауыт-сайманы түгел жауынгердің бет-әлпеті келетіні анық. Алайда әскери өмірде де шығармашылығын шыңдағандар қаншама?! Оның ішінде әскери журналистика саласын игерген мамандардың өзі бір төбе.

2015 жылдың ақпаны айында бала күтімі демалысынан шыққан кезім. Әскерге келуіме себепкер болып, қатынас қағазын берген бастығым, Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов шақырып алып, «Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі департаментіне ауысқың келе ме, өзің жазасың, филолог мамансың, бәлкім бағыңды сынап көресің? Біздің басқармаға қарағанда, офицер болуыңа да мүмкіндік көп» деп мені аталған департаментке жіберді. Министрлікте ауыс-түйіс болып жатқан кез екен, бастықтың жаңа орынбасары мені қабылдап, сынап көрді. Бірінші берген тапсырмасы орысша жазылған баспасөз баянын қазақшалау болды. Қазақша тәржімам ұнаған болуы керек, бірден қабылдады. Осылайша мен осы саланың маманы болуы үшін бірнеше сыннан өттім десем болады. Әскери журналистикада өз орны бар журналистердің біразын көрдік, олардан да көп нәрсе үйрендік. Кейбірі ұстазымыздай боп кетті.

Қорғаныс министрлігінің өз сайты болатын. Сол жылдары әлеуметтік желілер де барынша дами бастады. Әлемжеліге күніне бір материал шығарып тұратынбыз. Ұмытпасам, 2015-2016 жылы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі басқа мемлекеттік органдар арасында үздік баспасөз қызметі атанған болатын. Содан бері он жылдан аса уақыт өтіпті. Көп нәрсе үйрендік. Әлі де үйренеріміз көп. Талай қызықтар, талай қиындықтар өтті. Әскер болғаннан кейін кейде төтенше жағдайлар да болады. Сондайда үй-ішіндегілер уайымдайтын. Ондайда бүкіл жеке құрам жұмыстан кеш шығамыз ғой. Сонда үйдегілер ұйықтамай күтіп отырады. Жұмыстан кеш қайтқан күннің бірінде үйде балалар ұйықтап қалып, есікті аша алмай, төтенше жағдай қызметкерлерін шақырып, аштырғанбыз. Қазір күліп еске аламыз.

Әскери журналист деген тек соғыс уақытында ғана жұмыс істейтін журналист деу қате пікір. Әскерсіз, қорғаныссыз мемлекет жоқ. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған армияның да өз баспасөз қызметі бар. Әскери сала мамандарының жұмысымен халықты таныстырып, елді армия тынысынан хабардар етіп жүргендер – әскери журналистер.

Тәуелсіз Қазақстанның әскери журналистика тарихы 1992 жылдан бастау алады. Әскер құрылғаннан кейін оның баспасөзі де заңды түрде қызмет етуін бастады. Алғашында газет, журнал деңгейінде дамып, кейін Ақпарат және коммуникациялар департаменті, Медиа-контент орталығы пайда болды. Бұл да әскери журналистиканың салалық баспасөз ретінде өркендеп келе жатқанын білдіреді.

Әлемдегі ең алғашқы әскери тілші деп Филлипидті айтады. Марафон түбіндегі шайқастан кейін, ол 42 шақырымды жүгіріп өтіп, «Афиндықтар, қуаныңдар! Біз жеңдік!», – деп айтып, жан тапсырған деседі. Сол екі ауыз сөздің ақпарат беріп тұрғанын ескеріп, ғалымдар тарапынан Филлипид әлемдегі  тұңғыш әскери тілші атағына ие болды.

Қазақ тарихында да сансыз әскери жорықтар бар. Сол жорықтарда жасалған талай ерліктер, елді, жерді қорғаған батырлар жыраулар арқылы бізге жетті. Сондықтан әскердің де, әскери журналистиканың тарихы тереңде. Бұл әлі де көп зерттеуді қажет ететін кең тақырып.

 

 

Әскери журналист Қарлығаш АҚЫЛБЕКОВА

ҚР ҚМ Медиа-контент орталығының офицері

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19