Павлодар облысы елімізде өрт саны бойынша көш бастап тұр

Тілсіз жау шалған аумақтың жалпы көлемі 12 мың гектардан асып түседі

Өңірде өрт қауіпті кезеңі әлі де сақталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Былтыр өрт қауіпті кезеңі қараша айына дейін жалғасқан. Ауа райының климаттық жағдайы жылдан-жылға күрделене түсуде. Республика бойынша біздің облысымыз өрт жағдайлары  бойынша көш бастап тұр. Ал өрттің аумағы бойынша болжамды түрде тоғызыншы орындамыз», – деді спикер.

Оның сөзінше, ормандағы өрт көбінесе далалық аумақтан көшіп келеді.

«Бұл дегеніміз жергілікті атқарушы биліктің уақытылы әрекет етпеуінен және ауылдық округтердегі өрт сөндіру бекеттерінде, ерікті құрамалардың әлсіз материалдық техникалық жарақтандыруынан болады», – деп түсіндірді Руслан Төлепбаев.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Шаймарденовтың сөзінше, өрт қауіпті кезеңінің басынан бері 200 орман, үш дала өрті және 146 жану тіркелді. Былтырғымен салыстырғанда орман өрті 69%, дала өрті 100% өсті. Тілсіз жау шалған аумақтың жалпы көлемі 12 мың гектардан асып түседі, ал шығыны 200 миллион теңгеден астам соманы құрайды.

«Мысалы, 15 шілдеде ең ірі болған өрттің бірі Ертіс орманы резерваты аумағында Шалдай филиалында тіркелген. Өртті жоюға алты күннен астам уақыт кетті. Өрттің жалпы аумағы 850 гектар құрайды. Тікелей залалдың шығыны 14 миллион теңгеден асады. Материалдар Шарбақты аудандық полицияға жіберілді», – деді Қайрат Шаймарденов.

Сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде де ауқымды өртті сөндіруге де атсалысқан еді.

«Жетінші шілдеде Долбы орманшылығында шыққан өрт резонанстық сипатқа ие болды. Ол жерде орманмен қамтылмаған аумақта шамамен 500 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді», – деді спикер.

Аталған жағдай бойынша да материалдар Баянауыл ауданының полиция бөліміне жіберілді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

Алдын алу шарасы

11/09/2024 - 23:53