Әкесіне еліктеп әскери болған

Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде әскери қызмет етіп жүрген 2-сыныпты сержант Сүлейменова Динара Кенжебайқызы Персоналдармен жұмыс жөніндегі бөлімінде 18 жыл бойы  үздіксіз еңбек етіп, өз қызметтік міндеттерін адал атқарып келеді.

Админ

         Ол 1986 жылы 20 шілдеде әскери отбасында дүниеге келген. Әкесі Сүлейменов Кенжебай Әмірғалиұлы -  Қостанай облысының  тумасы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 37 жылдан аса әртүрлі қызметтерде абыроймен қызмет еткен, бүгінде запастағы полковник, зейнеткер. Динара Кенжебайқызы отбасымен әскери гарнизондарға орын ауыстырып, әскери өмірдің түрлі қиыншылықтарын көрсе де, әкесінің жолын қуып, әскери қызметті таңдады. Бұл туралы былай дейді: «Менің әскери қызметке келуіме әкемнің тигізген септігі орасан зор. Әкемнің бойында адам баласына тән барлық ізгі қасиеттердің барлығы жиналған. Ол – өз отбасының қамқоршысы, асыраушысы, ақылшысы, жанашыры. Әкем Отан алдындағы қызметіне адал, ерекше еңбекқор, білімпаз, ізденімпаз, өз-өзіне талапшыл, әскери білікті кәсіби маман. Адамгершілігі мол, қарапайым,  «жауапкершілік» деген сөзді тереңнен ұғынатын дара тұлға. Отбасыммен гарнизондарды аралап, сан түрлі мектептер ауыстырып, әскери өмірдің өз қиыншылықтары мен қызықтарын көріп өссем де,  әкемнің салған сара, әрі дара жолын қуам деп сонау мектеп кезімде-ақ өзім үшін шешім жасағанмын. Әсіресе, әкемнің киген офицерлік формасы маған өте қатты ұнайтын және  мен үшін оны кию арман болатын. Әкем - мен үшін  үлгі, өнеге, мақтаныш бола білді».

      2006 жылы Динара Кенжебайқызы Көкшетаудағы медициналық колледжді «Мейірбекелер ісі» факультеті бойынша аяқтады. 2007 жылы  Астана қаласындағы республикалық «Жас ұлан» мектебіне орналасып, әскери қызметке шақырылды. 2011 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Есеп және аудит» факультеті бойынша тәмамдаса, 2017 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университетінде оқып, «заңгер» мамандығын алып шықты. Отбасылы, 3 тәп-тәтті балалардың анасы. Үш түрлі мамандық бойынша білім алса да, өзіне жақын әскери қызметті таңдады.

        Бүгінде 2-сыныпты сержант Сүлейменова Динара Кенжебайқызы  - жоғары жауапкершілік пен ұқыптылығымен ерекшеленген, кәсіби шеберлікке және әскери қызметті лайықты атқаруға талпынған, абыроймен персоналдармен жұмыс жөніндегі бөлімнің сержанты лауазымын атқарып келе жатқан  әскери тұлға. Асылы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында Динара Кенжебайқызы сияқты әскери борышын озық атқарып, тек қазақ қыздарына тән инабаттылық пен нәзіктікті, сыпайылық пен кішіпейілділікті жоғалтпай, шаңырақтың ұйытқысы бола отырып, Отанды қорғау жолында сүбелі үлесін қосып жүрген білімді, сан қырлы білікті әскери мамандардың қызмет атқарып жүргені бойымызға мақтаныш кернетеді.

Альмира Жабаева

               

             

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

Бүгін, 10:33
Админ
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51