Қорғаныс министрлігінің қызметшілері әріптесін еске алуға арналған футбол турнирін өткізді

Ақмола облысының Арнасай ауылында туып-өскен

«Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында шағын футболдан майор Дәурен Байсейітовті еске алуға арналған турнир өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Әскери инфрақұрылым бас басқармасының әскери қызметшілері ұйымдастырып отырған Дәурен Байсейітовті еске алуға арналған іс-шара осымен екінші рет өтіп отыр.

Жарысқа Қорғаныс министрлігінің, Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының, Әуе қорғанысы күштері мен Құрлық әскерлерінің, «Жас ұлан» республикалық мектебінің құрамалары, сондай-ақ Арнасай кенті мен Д. Байсейітовтың достарынан құралған «Астана жауынгерлері» командалары қатысты. 

Турнирдің ашылуында әріптестері короновирустық инфекция салдарынан қыршын кеткен майор Дәурен Байсейітовті еске алып, оның қызмет жолы туралы айтты. Әріптестері атап өткендей, ол көшбасшы мінезді болатын. Адамдарды қызметте де, командалық жарыстарда да жанына топтастыра білетін қасиетке ие еді. Салтанатты рәсімде Дәуреннің әкесі Амангелді Байсейітов пен жұбайы Зарина Байсейітова сөз алып, турнирдің ұйымдастырушыларына алғыс айтты.

Дәурен Байсейітов Ақмола облысының Арнасай (Вячеславка) ауылында туып-өскен. 2007 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітіргеннен кейін ол өз тағдырын Қарулы күштермен байланыстырған еді.

Ақмола, Семей, Өскемен және Гвардейск гарнизондарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Қорғаныс министрлігінің Гвардейск гарнизоны аудандық пайдалану бөліміне басшылық жасады. Дәурен Амангелдіұлының артында екі ұлы мен бір қызы қалды.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды «Астана жауынгерлері», екінші орынды Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы, үшінші орынды Арнасай кентінің құрамасы иеленді.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02