Әскери-теңіз күштерінің старшиналары «Әскер тарланы» байқауына қатысады

 14-20 қыркүйек аралығында «Әскер тарланы» атты жыл сайынғы республикалық байқау өтеді. Байқаудың ұраны: «Мен сияқты жаса, менен де жақсы жаса».

Админ

 

Бұл XV мерейтойлық байқау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздік сержанты (старшинасы) атағына өткізіледі.

«Бұл байқауға қатысу – кәсібилікті, көшбасшылық қасиеттерді және жауынгерлік дайындықты көрсететін үлкен құрмет пен жауапкершілік», – деді ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің старшинасы, 1-сыныпты старшина Есбол Жақанов.

Биылғы жылы байқауға Әскери-теңіз күштерінің старшиналары да қатысуда. Олар өздерін тәртіпті, жауапты әрі жоғары білікті әскери қызметшілер ретінде көрсете білді. Олардың байқауға қатысуы сержанттық құрамның жоғары дайындығын ғана емес, сонымен қатар Әскери-теңіз күштерінің ел қорғаныс жүйесіндегі рөлін нығайтатынын білдіреді.

Сонымен қатар, 2025 жылға арналған халықаралық ынтымақтастық жоспары аясында байқау жеңімпазы Қазақстан атынан халықаралық деңгейде ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің өкілдері АҚШ Қарулы Күштерінің үздік сержанты атағына арналған халықаралық байқауға алғаш рет қатысқан болатын. Ал биылғы жылдың байқау жеңімпазы 2026 жылдың наурыз айында АҚШ-та өтетін халықаралық іс-шараға қатысып, Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан ел намысын қорғайтын болады.

__Последние новости