Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

Шілденің 2-сінен бастап Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты әскери-теңіз кафедрасының курсанттары теңізде тәжірибеден өтіп жатыр. Оқу-жаттығу жиындары  шілденің 26-сына дейін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштеріне қарасты 29011 әскери бөлімінің базасында ұйымдастырылған.

Админ

Болашақ офицерлер әскери-теңіз күштерінің бөлімдері мен бөлімшелерінде вахталық және штурмандық дайындықтан өтіп, теңіз өмірінің нақты жағдайына бейімделуде. Бастапқы кезеңінде курсанттар судағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтіп, бөлімшелерге бөлініп, міндеттерін орындауға рұқсат алу үшін сынақ парақтарын алды.

Тәжірибе барысында төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету, сүңгуір жабдықтарын меңгеру және суда өмір сүру негіздеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сабақтар әскери кемелердің бортында да, оқу-жаттығу орталықтарында да жүргізіледі.

Қызметтен бос уақытта курсанттар мәдени-тәрбиелік іс-шараларға қатысады. Олар мұражайларға, ескерткіштерге, тарихи орындарға барып, Ақтау қаласының көрікті жерлерімен танысады.

Әскери-теңіз факультетінің доценті, 1 дәрежелі капитан Артур Тудаков: «Бұл – даярлықтың маңызды кезеңі. Ол болашақ офицерлерге теориялық білімдерін бекітіп, құнды тәжірибелік дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Теңіз ортасы жедел ойлауға, тәртіп пен жауапкершілікке үйретеді»,  деп атап өтті.

Кеме тәжірибесі әскери-теңіз күштерінің болашақ мамандарының кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, жеке дамуына және жауынгерлік қабілетін арттыруға ықпал етеді.

 

__Последние новости

  • Сараптама

Азаматтық борышты өтеуге аттанды

Кеше, 14:34
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

Кеше, 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31