Бүгін – Қарулы Күштердің рәміздері күні

Әскери нышандарда терең патриоттық, рухани-адамгершілік мән-мағына жатыр. Оларға әскер түрлерінің жалаулары, әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары және Қарулы күштердің нышаны (эмблемасы) жатады.

Админ

 

Эмблема бес бұрышты жұлдыз түрінде жасалған. Жұлдыздың ортасында алтын түстес нақышпен жиектелген шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің және Әскери-теңіз күштерінің тулары ерлік пен даңқты, әскери ұжымның бауырластығы мен бірлігі идеяларын білдіреді. Жауынгерлік тудың жанында Отанына адал болуға ант береді. Аталған жәдігер әрбір әскери қызметшіге Отан үшін жанын аямай, өмірін қиюға дайын болуы қасиетті парыз екенін білдіреді. Оқу-жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықта көзге түскен әскери оқу орындарының офицерлері, әскери қызметшілері мен курсанттары бөлімнің үлкен жауынгерлік туының жанында суретке түсу құрметіне ие болады. Әскери нышан арқылы Қарулы күштердің мемлекетке тиесілігі екенін айқындалады. Онда Отан қорғаушының ұлттық ерекшелігі мен халықтың рухани құндылықтары бейнеленген. Әскери рәміздер моральдық-жауынгерлік рухты және жеке құрамның елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын арттырудың пәрменді құралы ретінде қызмет етеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19