Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

Шымкент гарнизонының әскери қалашығында жаңа балалар және спорт алаңының ашылуына орай салтанатты іс-шара өтті. Бұл алаң мегаполистің Әл-Фараби ауданы әкімдігі мен жобаны демеушілік еткен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен салынды.

Админ

Салтанатты рәсімге Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Сергей Бибулатов, Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбеков, кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, әскери қалашықтың тұрғындары және әскери оркестр қатысты.

Іс-шара барысында подполковник Сергей Бибулатов бұл оқиғаның өзі үшін ерекше маңызға ие екенін айтып өтті. Себебі ол да осы қалашықта тұрады және ата-ана ретінде басқа отбасылардың қуанышына ортақ.

– Құрметті Маратбек Сәменбекұлы, осы қалашықтың тұрғыны ретінде балаларымыздың дамуына көңіл бөліп, атсалысып жатқаныңыз үшін сізге үлкен алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да бірлескен жұмысымыз нығая түседі деп сенемін. Өйткені, балалар – біздің болашағымыз, – деді ол.

Өз сөзінде Әл-Фараби ауданының әкімі алғашқы күндерден бастап жобаның жүзеге асуына белсенді араласқан барлық кәсіпкерлерге алғысын білдірді:

– Осы балалар және спорт алаңының арқасында бүлдіршіндеріміз шынығып, болашақта мықты спортшылар мен елжанды патриоттар болып өседі деп сенемін. Жаңа алаң тұрғындарға көп қуаныш сыйлап, бос уақытты пайдалы әрі тиімді өткізуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті әкім.

Алаң бірнеше аймаққа шартты түрде бөлінген. Бір бөлігінде кішкентай балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңы орналасса, екінші жағында ересек балаларға арналған спорттық жабдықтар мен жабық мини-футбол алаңы бар. Алаңның айналасында демалуға арналған орындықтар мен бастырмалар қойылған, бұл ата-аналар мен еріп келген ересектерге жайлы жағдай туғызады.

__Последние новости

  • Сараптама

Азаматтық борышты өтеуге аттанды

Кеше, 14:34
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

Кеше, 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31