КЕЗДЕСУ: ҚОЛЫНАН КІТАП ТАСТАМАЙТЫН ҚОЛБАСШЫ

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Мәтімұлы Көшекбаев мырзамен алғаш рет осы жылдың жетінші ақпанында жүздескен болатынмын. Еліміздегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Жамбыл облысындағы Отар елдімекенінде орналасқан Гвардейск гарнизонына барған кезде. Ол уақытта танысқанбыз. Ал, өткен жұма күнгі кездесуде бір-бірімізді білістік. Сонда не білдің дейсіз ғой?

Админ

Бірінші, қолбасшылық ұстанымын білдік. Қолынан Александр Бектің қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлына арнаған «Волоколамское шоссе» деген кітабын тастамайды екен. Оны тек оқып қана қоймай, ішіндегі өзіне керегін астын сызып тұрып белгілеп қойыпты. Тіпті, ондағы жауынгерлік тәсілдерді немесе әскерді басқару әдістерін қазіргі уақытта қалай қолдану керектігіне дейін пікір жазып қойған. Оның осы бір тағылымдық әрекетіне тамсандық.

Екінші, бізбен әңгіме барысында қолбасшы мырза «Кез келген адам мейлі ол кітап оқысын, мейлі газет-журнал оқысын, алдымен оның ішінен өзіне керегін іздейді. Егер, сол мақсатына жететін болса, оқыған дүниесі оның санасынан орын алады да, әлгі басылым соның басыбайлы меншігі іспетті болып қалады. Мен үшін «Волоколамское шоссе» кітабы сондай дүниелердің бірі» дегенді айтып қалды. Ақылға өте қонымды сөз. Мереке Мәтімұлы осы бір ойлы сөзі арқылы біздегі газет-журналдан да оқырман өз керегін алуы керек дегенді меңзегендей болды. Сөз арасында мұны бізге тікелей жеткізіп те отырды. Қуана құп алдық.

Ендігі бір қызықты қараңыз, генерал-майор мырза бірде "Военная мысль" деген журналды ақтарып отырып ондағы бір сөйлемге аңсары қатты ауады. Неге дейсіз ғой? Сондағы айтылған ой оны тың идеяға қарай жетелеп алып кеткен. Нәтижесінде, жаңаша бағыттағы бірнеше әскери жаттығуларды өткізіп тастапты. Міне, бір ғана сөйлемнің құдіреті осындай болып тұр.

Өзара әңгіме барысында біз шығаратын газеттің де мазмұны назардан тыс қалған жоқ. Бас қолбасшы «Сарбаз» газеті бірінші кезекте сарбаздар мен сержанттардың және оларды бақылайтын командирлердің басылымы болуы керек. Осы тұлғалар оны оқығанда өзіне керегін табуы қажет деді. Мұны біз тағы да құп алдық. Сондай-ақ, біз де осы бағытта атқарып жатқан бірталай тірліктерімізді тілге тиек еттік. Не керек, қай тақырыпты қаужасақ та біздің мақсат-мүддеміз бір арнада тоғысып жатты. Сондықтан болса керек, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев мырза біздің газет-журналдың таралымын арттыруға ықыласты екенін танытып, қарамағындағыларға сол мезет тапсырма беріп те үлгерді. Келелі кездесуіміздің түйіні де осы.

 

Ерлібай ӨЗБЕКБАЙҰЛЫ,

«Сарбаз» газетінің бас редакторы

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЗДЕСУ: ҚОЛЫНАН КІТАП ТАСТАМАЙТЫН ҚОЛБАСШЫ

Бүгін, 08:43
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02