Жарғы – әскери қызмет қауіпсіздігі кепілі

Қарағанды және Приозерск гарнизондарындағы әскери бөлімдер мен мекемелерде маусым айының екінші жартысында «Жарғы – әскери қызмет қауіпсіздігі кепілі» атты кең ауқымды онкүндік өткізілді. Іс-шара әскери тәртіп пен қызмет қауіпсіздігін арттыруға бағытталды. Бұл бастаманы Қарағанды өңірлік гарнизонының Әскери полиция басқармасы ұйымдастырды.

Админ

  Бұл іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілер арасында құқықтық тәртіп пен қызмет қауіпсіздігін нығайту, әскери жарғыларды сақтау деңгейін арттыру. Онкүндікке барлығы 805 әскери қызметші қатысты. Оның ішінде 201 офицер, 260 келісімшарт бойынша әскери қызметші, 120 мерзімді әскери қызметші және 80 азаматтық персонал бар. Онкүндік аясында Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының жеке құрамымен бірнеше тәжірибелік сабақтар өткізілді. Атап айтқанда, тәуліктік нарядқа қарумен түсетін әскери қызметшілермен оқ-дәрісіз оқтау және оқ алудың әдістемесі бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Бақылау-өткізу пункттерінде қызмет атқаратын әскери қызметшілермен келушілерді, жеке құрамды және көлікті тексеру тәртібі пысықталды. Сонымен қатар нарядқа түскен әскери қызметшілерден қызметтік міндеттерін, қару қолдану тәртібін және штаттан тыс жағдайлардағы әрекет ету тәртібін білу деңгейі тексерілді. Жеке құрамға «Тәуліктік нарядта қызмет атқару тәртібі және қауіпсіздік шараларын сақтау» тақырыбында слайд арқылы дәрістер өткізілді. Бұл шараларға 103 әскери қызметші қатысты, оның ішінде 28 офицер, 60 келісімшарт бойынша әскери қызметші және 15 мерзімді әскери қызметші болды.  Онкүндік аясында әскери қызметшілермен құқық бұзушылықтардың салдары, атап айтқанда әскери бөлімді тастап кету, қашқындық, қару қолдану ережесін бұзу сияқты әрекеттер үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, қару-жарақ пен техниканы пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ диверсияға қарсы қауіпсіздік, өткізу режимін ұйымдастыру, әскери объектілерді қорғау, әскери қызмет кезінде алкогольдік немесе басқа мастық күйде болуға жол берілмейтіні туралы арнайы дәрістер өтті. Іс-шаралар 15 әскери бөлім мен 7 мекемеде ұйымдастырылды. Атап айтқанда: 50185, 77070, 46298, 31775, 36352, 44803, 85510, 44803 С-300, 55524, 92835, 35835, 06708, 44841, 18405, 60601 әскери бөлімдері мен әскери лазарет, әскери комендатура, Қарағанды облысының ҚІжД, Ә.Бөкейхан ҚІжБ, Қазыбек би ҚІжБ, Қарағанды АПБ, Жас-Ұлан мекемелері қамтылды. Барлығы 661 әскери қызметші қатысты: 201 офицер, 260 келісімшарт бойынша әскери қызметші, 120 мерзімді әскери қызметші, 80 ҚР ҚК азаматтық персонал. Қарағанды өңірлік гарнизоны, Әскери полиция басқармасы бастығының МУА, әділет подполковнигі Еркебұлан Каленов іс-шара туралы пікір білдіріп өтті.

«Бұл тек оқыту емес, сонымен қатар әскери ортада тәртіп пен тәрбие деңгейін көтерудің пәрменді құралы. Жарғыны сақтау – әскери қауіпсіздіктің басты кепілі. Бұл онкүндіктің негізгі мақсаты – әскери жарғыны терең меңгерту, әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету», деді  Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы бастығының МУА, әділет подполковнигі Еркебұлан Каленов.

  Әділет подполковнигі Каленовтің айтуынша, нарядқа түсетін жеке құраммен жұмыс – ең жауапты бағыттардың бірі болып табылады. Әскери қызметшілердің қызмет орнындағы тәртібі, қару қолдану мәдениеті мен сақтық ережелері – барлық әскердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қатысушылардың белсенділігі жоғары болғанын айтып өткен подполковник, мұндай онкүндіктердің болашақта да тұрақты өткізілетінін жеткізді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

Кеше, 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

Кеше, 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

Кеше, 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02