«Жас теңізші" «Айбын-2025» әскери-патриоттық жиынында бірінші орынға ие болды

2025 жылғы 25-28 маусым аралығында Ақтөбе қаласында өтіп жатқан XI халықаралық «Айбын-2025» әскери-патриоттық жастар жиынында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің атынан қатысқан «Жас теңізшілер» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетті.

Админ

Жеке біріншілік бойынша 95 қатысушының арасынан көзге түскен Нұрбол Жиенбаев белтемірге тартылу сайысында 47 рет тартылып, ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Ол аталған номинацияда бірінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, командалық есепте «Жас теңізшілер» клубының командасы 19 команданың ішінен үздік үштікке еніп, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.

Жеңімпаз Нұрбол Жиенбаев:  
«Жеңіске жету үшін күн сайын дайындалдық. Бұл тек менің емес, бүкіл командамыздың жемісі. Бізді дайындаған жетекшіміз Болат Амангелдіұлына алғысымыз шексіз. "Жас теңізшілер" намысын әрқашан биік ұстаймыз», – деді.

Айта кетейік, биылғы «Айбын» жиыны Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Іс-шара жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19